28.08.2013

2013 жылғы 28 тамыз күні ҚР Парламентінің Мәжілісі ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының және ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қызметкерлері қатысты.

    2013 жылғы 28 тамыз күні ҚР Парламентінің Мәжілісі ғимаратында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.     Салтанатты шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы Б. Князбаев ашты, одан соң Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды.     

Айтулы мереке - Ата заңды тойлау күнімен барлық қатысушыларды Шаруашылық басқармасының Басшысы құттықтап өтті және жұмыстың одан әрі өркендеуі мен жемісті еңбек тіледі.       Салтанатты жиында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің ант қабылдау рәсімі өткізілді.     

Сонымен қатар, Шаруашылық басқармасының Басшысы футбол ойыншылары мен барлық ведомстволық қарасты кәсіпорындар ұжымын шағын футбол бойынша спорттық-сауықтыру шараларына белсене қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапаттап, сыйлықтар мен гүл шоқтарын тапсырды.     

Сондай-ақ, ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы мемлекеттік қызметші антын қабылдап, алғаш рет мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымына тұрған қызметкерлерді салтанатты түрде құттықтады.