21.08.2013

ҚР Парламенті ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызмет көрсететін объектілердің 2013 – 2014 жылдардың жылыту маусымына дайындық барысы туралы отырыс

2013 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасында Басшының төрағалық етуімен отырыс өткізілді.

    Күн тәртібі – ҚР Парламенті ШБ-ның ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызмет көрсететін объектілердің 2013 – 2014 жылдардың жылыту маусымына дайындық барысы туралы. Жылыту маусымына дайындық, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасының жағдайлары бойынша іс-шаралар жоспарын орындау туралы мәселелер талқыланды.        

Іс-шараға Басшы орынбасарлары, құрылым бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындарының директорлары, сондай-ақ қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қауіпсіздік техникасы мәселелеріне жетекшілік ететін олардың орынбасарлары қатысты.     

«Парламент ШБ-ның Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» РМК, «Парламент ШБ-ның Автошаруашылығы» РМК, «Парламент ШБ-ның Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы» РМК және «Парламент ШБ-ның Инженерлік орталығы» РМК директорларының кәсіпорында өткізілген жұмыстары туралы есептері тыңдалды.      

Аталмыш кәсіпорындарда қысқы мезгілде авариялық жағдайларды уақытылы жою үшін мобильді жөндеу бригадалары құрылған. Қызмет көрсетілетін объектілердің жылыту маусымына дайындығының паспорты алынды.     Сонымен бірге, отырыс барысында ведомстволық қарасты кәсіпорындардың жылыту маусымына дайындықтары бойынша кемшіліктер мен ескертулер анықталды.      

Отырыстың қорытындысы бойынша жылыту маусымына дайындықты, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өртке қарсы қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың сақталуын бақылауды күшейту бойынша жұмыстардың тиімділігіне септігін тигізетін шаралар қабылдау қажеттігі баса назарға алынды.