17.08.2013

2013 жылғы 17 тамыз күні таңертең Астана қаласында «Алатау» спорт кешенінде шағын футбол бойынша турнирдің ашылуы өтуде. Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 16 команда өнер көрсетеді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар

2013 жылғы 17 тамыз күні таңертең Астана қаласында «Алатау» спорт кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлері арасында шағын футбол бойынша турнирдің ашылуы өтуде.

    Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 16 команда өнер көрсетеді. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасынан (ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен бірге) құрылған біздің команда да бар.

Турнирдің алғашқы күнін бірінші болып ҚР Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен «Астана Қонақ үйі» АҚ құрамалары ашты.Біздің команда ойыншыларын қолдауға Шаруашылық басқармасының барлық ведомстволық қарасты кәсіпорындарынан («Әкімшілік ғимараттар дирекциясы», «Инженерлік орталығы», «Қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану жөніндегі дирекциясы», «Автошаруашылық» РМК) жетпістен аса жанкүйерлер жазылған ұрандарымен келген. 

Өз командамызға сәтті ойын тілеп, жеңіс тұғырынан көрінуге тілек білдіреміз!