05.08.2016

«ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да Көлік жұмыскерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.

2016 жылғы 5 тамызда «ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» РМК-да кәсіби мереке - Көлік жұмыскерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Бұл күнде жүргізушілерді ғана емес, сонымен қатар инженерлік-техникалық жұмыскерлерді, жөндеу цехтерінің жұмыскерлері мен шеберлерді, диспетчерлерді, мамандарды және көлік саласында өзінің кәсіби міндетін атқарумен қоса, басқа да адал еңбек етушілерді құттықтады.

Салтанатты жиын барысында Кәсіпорынның дамуына елеулі үлес қосқан үздік жұмыскерлерге ҚР Парламенті ШБ Басшысы атынан алғыс хаттары және РМК директорының құрмет грамоталары ұсынылды.

Сонымен қатар, Кәсіпорын жұмыскерлері арасында ұжымдық мәдениетті арттыру мақсатында Ұйымдастыру-кадрлық жұмыс бөлімі әкімшілік-басқарушылық персонал, жөндеу-техникалық қызметі мен жүргізушілер құрамы командалары арасында шағын-футбол бойынша жарыс ұйымдастырды.