Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының басшысы

Ардақ Нариманқызы Насрединова
Ардақ Нариманқызы Насрединова 1980 жылы 9 наурызда Целиноград қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Қазіргі заманғы гуманитарлық университетті бітірді.
Еңбек жолы:
1999-2000 жылдары - «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Инженерлік орталығы» РМК техник-кассирі болып бастады.
2000-2007 жылдары қаржыландыру, бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы.
2007-2008 жылдары - бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас маманы.
2008 жылғы наурыздан маусымға дейін - кадр және ұйымдастыру жұмысының бас сарапшысы.
2008 жылғы маусым - шілде аралығында - бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының сарапшысы.
2008-2016 жылдары - бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы.
2016-2021 жылдары – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы.
2021 жылғы тамыздан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының басшысы..