Цифрландыру басқармасының басшысы

Өтеуов Мұхиддин Аханұлы
 

1989 жылы 24 қазанда Жамбыл облысы Жуалы ауданында дүниеге келген.

2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Қаржы бакалавры мамандығын бойынша бітірді.

2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің магистратурасын Ақпараттық жүйелер магистрі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2009 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК режим бойынша секторының жетекші маманы болып бастаған:

2010-2011 жылдары - Мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің жетекші маманы.

2011-2012 жылдары - Кадр жұмысы басқармасы қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінің маманы.

2012-2013 жылдары - Бухгалтерлік есеп қызметінің активтерімен қамтамасыз ету секторының жетекші маманы.

2013-2014 жылдары - Ақпараттық қауіпсіздік департаментінің компьютерлік инциденттерге әрекет ету қызметінің жетекші маманы.

2014-2016 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы.

2016-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Құрылыс және пайдалану басқармасының бас сарапшысы.

2022 жылғы 15 маусымнан бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Цифрландыру басқармасының басшысы.