«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ-НІҢ БАСШЫСЫ
ЖАНҰЗАҚОВ Асхат Ысқақұлы
1966 жылдың 10 наурызында Қостанай облысы Орджоникидзе ауданының Свердлов кеңшарында дүниеге келген.
1993 жылы Саясаттану мамандығы бойынша М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген; 2000 жылы Құқықтану мамандығы бойынша Е.А. Букетов атындағы Қарағанды университетін бітірген; 2007 жылы Менеджмент мамандығы бойынша А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов кеңшарының № 2 бөлімшесінің жұмысшысы болып бастады.
1984-1987 жылдары – Қостанай облысы Денисов ауданы Свердлов кеңшарының жұмысшысы, № 2 бөлімшесі егіншілер бригадасының есепшісі.
1993-1994 жылдары – «Мата» АҚ кадр бөлімінің инспекторы.
1994-2004 жылдар ы – «Номад» ЖШС директорының орынбасары, директоры.
2004-2009 жылдары – Қостанай облыстық өкілдігінің директоры, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ департаменті директоры, сату бойынша басқару төрағасының кеңесшісі.
2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару бөлімі меңгерушісінің орынбасары,
Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2012-2013 жылдары – «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ Ресми іс-шаралар басқармасының басшысы, Басшы орынбасары.
2013-2016 жылдары – «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығы» ММ басшысының орынбасары.
2016 жылғы сәуір айынан желтоқсанға дейін - «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2016 жылға желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 31 қазандағы № 366 «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы» Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
2017 жылдың маусымында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысы болып тағайындалды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарімен марапатталған.