«МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫ» ММ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ  

Рахым Еркінұлы АҚТАМБАЕВ

1983 жылы 19 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

2006 жылы Халықаралық еңбек академиясын Құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Маңғыстау облысы бойынша Салық комитетінің жетекші маманы - бас инспекторы ретінде бастаған.

2008-2012 жж. - Астана қаласы бойынша «Ауежай – Астана» Кедендік бақылау департаментінің маманы болып жұмыс істеген.

2012-2014 жж. - Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің бас сарапшысы.

2014-2015 жж. - «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің басшысы.

2015-2016 жж. «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ Ресми іс-шаралар басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2016 ж. желтоқсаннан  2021 ж. сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Ресми іс-шаралар басқармасының басшысы.

2021 жылғы 6 сәуірде «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ Басшысының орынбасары болып тағайындалды.