Үстелді теннис бойынша турнирде қатысу
2015 жылғы 24 қазанда «Sport City» спорт-орталығында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының құрылуына 20-жылдығына арналған үстелді теннис турниріне қатысты.
«Қазақстан – спорттық ел!» турнирі
2015 жылғы 10 қазанда «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде «Инженерлік орталық» бастауыш партия ұйымының командасы Астана қалалық «Бірлік» филиалы Төрағасының кубогы үшін «Қазақстан – спорттық ел!» турниріне қатысты.
Мүгедектер күніне арналған іс-шаралар
2015 жылғы 8 қазанда Мүгедектер күніне орай Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басшылығы мен қызметкерлері Ақмола облысы Астрахан ауданы Первомайка селосында орналасқан мүгедек балаларға арналған балалар үйіне барып қайтты.
Мұсылман қауымының мерейлі мерекесі – Құрбан айт құтты болсын!
Құрбан айт – жалпы адамзатты жақсылыққа, ізгілік пен имандылыққа тәрбиелейтін ұлық мейрам. Бұл күндері адамдар бір-біріне деген жүректен шыққан шынайы ниетін, ықыласын білдіреді. Иман – әділетті, мейірімді, берекелі қоғамның ұйытқысы. Осы Қасиет Қазақстанда тұратын әртүрлі дін өкілдерінің өзара қарым-қатынасының негізіне айналды.