«МТҚБ» ММ Басшысы ведомстволық қарасты кәсіпорындардың қызметкерлерімен кездесулер өткізді
23-31 мамыр аралығында ведомстволық қарасты кәсіпорындардың ұжымдарымен ашық және тиімді диалогты қамтамасыз ету мақсатында «МТҚБ» ММ Басшысы Әлихан Жамсатов Инженерлік орталық, Автошаруашылық және Әкімшілік ғимараттары дирекциясы ұжымдарымен кездесті. Бірқатар бөлімшелер жұмыскерлерінің жұмыс кестесі ауысымдық сипатта болады, осы себепті әрбір кәсіпорынмен және бөлімшемен жұмыс жүктемесі мен қолданыстағы ауысымдарды ескере отырып, кездесулер өткізілді.
Балаларды қорғау күні балалар болашақ мамандықтары туралы армандарымен бөлісті
Балалар күні қарсаңында біз балаларға мынадай сұрақтарды қойдық: ата-анаңыз қандай жұмыс атқарады және болашақта кім болуды армандайсың? Олардың жауаптары түсіру тобын да, ата-аналарды да таң қалдырды!
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы 16 сәуір күні, жалпықалалық сенбілік аясында орталық аппарат пен ведомстволық қарасты кәсіпорындары қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік ұйымдастырды.Қызмет көрсететін объектілер аумағын және қаланы тазалау бойынша ағаштарды, бордюрларды ақтау, гранитті қасбетті жуу, түскен жапырақтардан тазарту және тағы да басқа жұмыстар жүргізілді.
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиналыс өтті
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған салтанатты жиналыс өтті.