02.10.2017

«Бірлік» филиалы Төрағасының Кубогына мини-футбол, волейбол, үстелді теннис және шахмат бойынша «Қазақстан – спорт әлемі!» турнирі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың салауатты өмір салтын үгіттеу және бұқаралық спортты дамыту бөлігіндегі жолдауын жүзеге асыру барысында, «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» Астана қалалық филиалы қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсаттарда, бастапқы партиялық ұйымдардың арасында «Бірлік» филиалы Төрағасының Кубогына мини-футбол, волейбол, үстелді теннис және шахмат бойынша «Қазақстан – спорт әлемі!» турнирін өткізді.

Жарысты салтанатты ашу рәсіміне «Нұр Отан» партиясының бастапқы  партиялық ұйымдарының төрағалары мен төрағалардың орынбасарлары қатысқан. Жарысқа 1000-нан астам адам қатысты.  Жарыстар нәтижелері бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастапқы ұйымдарының (РМК «Инженерлік орталық», РМК «Әкімшілік ғимараттар дирекциясы», РМК «Автошаруашылық») жиынды командасы ІІ-ші жалпы командалық жүлделі орынға иеленді (волейбол – 2 орын, футбол –3 орын).