02.10.2021
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында Халықаралық қарттар күні атап өтілді
Жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. Аталған мереке БҰҰ Бас Ассамблеясының 45 сессиясында мақұлданған.Бұл күні Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымы дәстүрлі түрде өз зейнеткер-әріптестерін назардан тыс қалдырмады.
Ардагерлерге мерекелік азық-түлік қоржындары мен алғыс хаттар табыс етілді.
Науқанның мақсаты жастарға ұрпақтар арасындағы байланысты көрсету болып табылады.
Үлкенді құрметтеу – жастардың басты міндеті мен парызы.