04.06.2022

МТҚБ Инженерлік орталығында балаларға арналған спорттық іс-шара өткізілді

МТҚБ Инженерлік орталығының қызметкерлері ішінен ата-аналардың бастамашыл тобы балалар үшін спорттық іс-шара ұйымдастырып, жазғы демалыстың басталуын атап өтті.

Іс-шараның негізгі міндеттерінің бірі балаларды патриоттық тәрбиелеу болды, мереке барысында ересектер егемен мемлекет үшін өз рәміздері мен құндылықтары неліктен маңызды екенін айтты. 

Мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсете отырып, қатысушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындады, балалар Мемлекеттік рәміздер мен оның авторлары туралы білімдерімен бөлісті. 

 Тағы бір міндет-ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, отбасылық құндылықтарды қолдау. «Қазіргі ата-аналардың күнделікті өмірі өте ауыр, көбінесе олардың үнемі уақыттары тапшы болады. 

Сондықтан, бізде балалармен сапалы және қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік аз. 

Әр отбасының бірге өткізетін уақыты әртүрлі болуы мүмкін, бірақ бірлескен іс-әрекеттің маңыздылығы баланың үйлесімді дамуы үшін баға жетпес құндылық. 

Сондықтан демалыс күні біз балалардың ата - аналарымен ойын-сауық және қарым-қатынас алаңын құрдық», - деп бөлісті Инженерлік орталықтың директоры Асқар Құсайынов. 

 Мереке балалар жылына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. 

Әрбір қатысушыға естелік ретінде үстел ойындарының жиынтығы - шахмат және тоғызқұмалақ берілді, бұл ата-аналардың пікірінше, логиканың дамуына ықпал етеді және балаларға арналған танымдық және спорттық аспектіні көтереді.

Автор видео: Саят Токсанбаев.