11.07.2022

МТҚБ-да әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымына әдеп жөніндегі уәкіл таныстырылды - ол цифрландыру басқармасының басшысы Мухиддин Утеуов болды.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымына әдеп жөніндегі уәкіл таныстырылды - ол цифрландыру басқармасының басшысы Мухиддин Утеуов болды.

Әдеп жөніндегі уәкіл – қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексіне сәйкес қызметтік әдеп адал ниеттілік, адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, клиентке бағдарлану қағидаттарына негізделеді.

«Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі қызметкерлердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптарды тұспалдайды. Әдеп кодексінің қағидаларын сақтау мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениеті мен этикасын енгізуге және қолдауға ықпал ететін болады»,- деп МТҚБ басшысының орынбасары Серік Кенжебаев атап өтті.

Осылайша, осы қағидаттардың сақталуын бақылау, мемлекеттік қызметшінің имиджін төмендетуге жол бермеу шаралары, қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай – күйін мониторингтеу-осы және басқа да көптеген міндеттер Әдеп жөніндегі уәкілдің алдында тұр.

Анықтамалық ақпарат: Мухиддин Утеуов, 1989 жылы 24 қазанда Жамбыл облысында дүниеге келген. 

 2011 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін Қаржы бакалавры мамандығын бойынша бітірді. 

2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің магистратурасын Ақпараттық жүйелер магистрі мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2009 жылы ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік техникалық қызмет» РМК-да бастады. 2010 жылдан бастап 2016 жылға дейін еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау саласында әртүрлі лауазымдарды атқарды. 2016-2022 ж.ж. - МТҚБ құрылыс және пайдалану басқармасының бас сарапшысы.

2022 жылдың 15 маусымынан бастап - цифрландыру басқармасының басшысы.

Байланыс ақпараты: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, тел: + 7 7172 74 74 64.

Азаматтарды қабылдау алдын ала жазылу бойынша айдың әр екінші бейсенбісінде сағат 15.30-да жүзеге асырылады.