24.09.2022

МТҚБ Инженерлік орталығының қызметкерлері үстел теннисінен өткен турнирге қатысты

Жарыс ҚР Президенті Іс басқармасы мен оған қарасты кәсіпорындар қызметкерлері арасында жыл сайынғы дәстүрлі спартакиада аясында өткізілді.

МТҚБ мен Инженерлік орталықтың намысын Қадыржан Әмірханов, Руслан Жақашев, Айза Саекова, Асхат Нұрқали қорғады.

Турнир олимпиадалық жүйе бойынша, яғни жарыстан шыға отырып өткізілді. Біздің үстел теннисінің шеберлері турнир кестесінде 4-ші орынды иеленді. Естеріңізге салсақ, бірнеше жыл бойы МТҚБ құрамасы жүлделі орындарды иеленіп, көшбасшылар үштігіне енген болатын, ал 2016 және 2019 жылдары ойыншылар үстел теннисінен ПІБ спартакиадасының чемпиондары атанды.

Жарысқа іріктеу ойындары негізінде құрылған ПІБ ведомстволық бағынысты ұйымдарының 12 командасы, басқаша айтқанда, үздіктердің үздігі қатысты.  Атап айтқанда, келесідей кәсіпорындардан командалар қатысты: «Инженерлік-техникалық орталық» РМК, «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК, «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» РМК, «ҚР ПІБ Автошаруашылығы» РМК, «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК, «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ, «ҚР ПІБ Медициналық орталығы» ММ, «Бурабай даму» ЖШС, «Қазқұрылысжүйесі» ЖШС, сондай-ақ «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ, «Астана-20» мемлекеттік қоры және ПІБ орталық аппараты.

Олимпиада чемпионы Серік Сапиев пен Гиннестің рекордтар кітабының рекордсмені Сергей Цырульников спорттық шараның құрметті қонақтары болды.

Тартысты күресте ҚР ПІБ Инженерлік-техникалық орталығының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Медициналық орталықтың ойыншылары күміс жүлдегер атанса, «Бүркіт» авиакомпаниясының өкілдері қола медальға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!