26.09.2022

МТҚБ мен оған қарасты кәсіпорындардың қызметкерлері Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін дайындау мен өткізуге қатысқаны үшін марапатталды

Съезд жұмысына әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысты. Жоғары деңгейдегі және ауқымды іс-шараларды өткізу алдында көптеген техникалық дайындық жұмыстары жүргізілді. МТҚБ, сондай-ақ оның ведомстволық қарасты кәсіпорындарының – Әкімшілік ғимараттар дирекциясының, Инженерлік орталықтың және Автошаруашылықтың қызметкерлері ұйымдастыру процестеріне тікелей қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезін өткізуге қосқан үлесін бағалап, оған белсенді қатысқаны үшін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ұжымына, сондай-ақ ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың ұжымына, оның ішінде дербес атап өтілген бірқатар қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаевтың атынан алғыс хаттар табысталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Съезді дайындауға және өткізуге белсене қатысқаны үшін МТҚБ және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Сенат Төрағасының қолынан алғыс алғандар: ӘҒД қызметінің бастығы Давыд Крекер, ӘҒД полиграфия жетекшісі Гүлсана Арғынова, МТҚБ Автошаруашылығы қызметінің бастығы Құралай Төретаева, МТҚБ ӘҒД директорының орынбасары Нұрболат Ертасұлы, сондай-ақ МТҚБ ұжымы кәсіпорын басшысы Әлихан Жамсатов атынан марапатталды. Сонымен қатар, ӘҒД, Автошаруашылық және Инженерлік орталықтың басшылық құрамының өкілдеріне кәсіпорында тапсыру үшін алғыс хаттар берілді.

Жоғарыда аталған алғыс сөздер мен хаттардан бөлек, кәсіпорындар ұжымдары мүшелерінің жұмысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат басшысы Әлия Рақышева да атап өтті.

Съезд күндері біздің әріптестеріміз учаскелердегі мамандардың іс-әрекеттері мен жұмыстарын бақылап, іс-шараларды материалдық-техникалық жабдықтауды қамтамасыз етті, тамақтану процестерін ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетті, Съезд алаңдарындағы халықаралық делегациялардың үйлестірілуін қамтамасыз етті. Сондай-ақ, біздің қызметкерлер өз өкілеттіктері шеңберінде еріктілермен және медиа өкілдерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырды. Мысалы, іс-шаралар кезінде үздіксіз фото-, бейнетүсірілім жүргізілді. Медиафайлдар жедел түрде баспасөз орталығына жіберіліп отырды, ал әлемдік БАҚ өкілдері өз кезегінде оларды редакцияларға берді. Осылайша, бүкіл әлем бойынша халықаралық БАҚ МТҚБ инженерлік орталығының фотографтары түсірген кадрларды алды. Осыған байланысты, Съезд күндері МТҚБ инженерлік орталығының медиа қызметтер қызметінің қамтамасыз етілетін жұмысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат басшысы жеке атап өтті. Осылайша, әріптестеріміз Нұрсұлтан Байбулин, Қазбек Манбаев, Ермек Сансызбаев, Нұрбол Қорабаев алғыс алды.

Алғыс білдіру барысында әлемдегі дінаралық диалогты ілгерілету жөніндегі жаһандық диалог алаңдарының бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін ұйымдастыру және өткізу кезіндегі бірлескен күш-жігер мен орындалған жұмыстардың сапасына жоғары баға берілді.