20.09.2022

МТҚБ жұмыскерлері қазақ тілін білуі бойынша тест тапсырды

Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде «Қазтест» қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша тестілеу жүргізілді.

Қазақ тілін білу, қазақ тілінде құжат айналымын қамтамасыз ету және ұйымдағы тілдік ортаны жоспарлы дамыту қызметтің басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл тестілеу жыл сайын өткізіледі. Тестілеу операторы «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК болып табылады.