24.09.2022

Қоршаған ортаға қамқорлықпен

МТҚБ және оның ведомстволық бағынысты кәсіпорындары - Автошаруашылығының, Әкімшілік ғимараттары дирекциясының және Инженерлік орталығының 100-ден астам қызметкері жыл сайынғы жалпықалалық бастаманы қолдап, қызмет көрсетілетін және пайдаланылатын ғимараттардың аумағындағы объектілерді жинауға, ақтауға және сырлауға қатысты.

Осылайша, жұмыстар ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының, Министрлер үйінің "В" блогының ғимараттарына іргелес аумақта; ҚР Парламенті жатақханасының және МТҚБ Автошаруашылығының аумағында жүргізілді. Қатысушылардың айтуынша, таза ауада бірлесіп жұмыс істеу командалық рухты нығайтуға ықпал етеді, ұжымды біріктіреді, әркім өзара көмек көрсете отырып, қоғамдық пайдалы жұмысқа қатыса алатын достық бейресми жағдай жасауға ат салысады.

Сенбіліктің қалай өткені – біздің фотоесебімізде.