12.07.2022

Мемлекеттік қызметшілердің салтанатты түрде ант қабылдауы

МТҚБ-да кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы Гаухар Избанованың ант беру рәсімі өтті.

Мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтыра отырып, Гаухар Избанова салтанатты түрде еліміздің Конституциясы мен заңнамасын сақтауға ант берді, кәсіби міндеттерін адал атқару жауапкершілігін қабылдады.

Ант қабылдау «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекеттік қызметшінің басты міндеттерінің бірі ретінде бекітілген.

МТҚБ Басшысы Әлихан Жамсатов жұмыскерді сынақ мерзімінің сәтті өтуімен және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің ант беруімен құттықтады.

«Сізді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшісінің ант қабылдауымен құттықтаймын. Сіз әрқашан өз міндеттеріңізді лайықты орындай отырып, берілген антқа адал болатыныңызға, қойылған міндеттерді орындауға барынша күш салатыныңызға сенімдімін. Сізді кәсіби қызметті мемлекеттік қызметпен байланыстыру туралы шешім қабылдаған жас мамандар үшін жұмысқа деген адал ниетпен үлгі боласыздар деп сенемін», - деп Ә.Жамсатов атап өтті.

МТҚБ құрылымдық бөлімшелерінің басшылары да жылы лебіздерін білдірді. 

 Іс-шара барысында ел заңнамасында жүргізіліп жатқан өзгерістер мемлекеттік қызметшінің жаңа бейнесін қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны атап өтілді. Мемлекеттік қызметшілердің жұмысындағы негізгі көрсеткіштер тиімділік, ашықтық, адалдық, өз міндеттеріне адал көзқарас, нәтижеге бағдарлану болуы тиіс.