05.10.2022

МТҚБ ӘҒД ұжымы арасында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы түсіндірілді

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауын Қазақстан халқына жолдады.

Негізгі тезистер қандай, Президент жақын арада қандай міндеттер қойды – осы және басқа да көптеген мәселелерді шақырылған сарапшылар мен МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясының ұжымы талқылады.

МТҚБ Парламентаризм институтының қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы бөлімінің бастығы Болат Бейісов және МТАЖО вице-президенті Майгүл Құдайбергенова ұжыммен кездесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан бірқатар негізгі өзгерістерін атап өтті, атап айтқанда:

1. Ең төменгі жалақы 60 000 теңгеден 70 000 теңгеге дейін көтеріледі.

2. Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2028 жылдан бастап 61 жасқа дейін төмендейді.

3. Жаңа Салық кодексі әзірленетін болады, әкімшілендіру процесін цифрландыруға, сондай-ақ салық төлемдерін саралауға ерекше назар аударылатын болады.

4. «Сән-салтанатқа салығы» енгізіледі. Ол қымбат жылжымайтын мүлікті, көлік құралдарын сатып алу кезінде алынады және орта тапқа әсер етпейді.

5. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң қабылданады.

6. Тұжырымдамалық жаңа құжат – Қала құрылысы кодексі пайда болады. 

7. Автокөліктерді кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым енгізілетін болады.

8. Оқытуға жеңілдікті кредиттер берілетін болады.

9. Бала күтімі бойынша төлемдер 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 жасқа дейін ұлғаяды.

10. ЕТҚ және салық аударымдарын ұлғайтқан кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсетіледі.

11. Ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылады.

 

Қызметкерлерге Президент Жолдауында баяндалған негізгі мәселелер түсіндірілді, өз кезегінде ұжым өкілдері өзгерістерді жылы қабылдап, құқық саласындағы сарапшыларға қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ведомстволық бағынысты кәсіпорындарда еңбек ұжымдарымен кездесулер және түсіндіру жұмыстары жалғастырылатын болады. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін көріп, Жолдаудың мазмұнымен Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің ресми Youtube-арнасынан танысуға болады.