26.06.2022

Спорттық жетістіктер: біздің чемпиондар

Инженерлік орталық қызметкері каратэден республикалық турнирде өнер көрсетті. 2022 жылғы 25-26 маусымда «ASPAN» спорт кешенінде жасөспірімдер, ұлдар, қыздар және ересек күресшілер арасында «Astana Cup» шинкиокушинкай каратэ бойынша республикалық турнир өтті. Турнир Нұр-Сұлтан қаласының шинкиокушинкай каратэ федерациясының 30 жылдығына арналды.

Инженерлік орталық директорының орынбасары Назар Уразбаев федерацияның алғашқы және құрметті спортшыларының қатарындағы қойылымда өнер көрсетіп, техника, іс-қимылдардың айқындығы мен үйлесімділігін, рухтың күштілігін көрсетті. Сонымен қатар, Назар Уразбаев 35-45 жас аралығындағы ардагерлер арасында өткен турнирде өнер көсетіп, қола чемпионы атанды.