28.06.2022

МТҚБ командасы футболдан турнирде қаланың 24 командасы арасында II орынға ие болды

МТҚБ футболдан құрама командасы Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» және «Бірлік» филиалдарының барлық бастауыш партия ұйымдары арасында «AMANAT» партиясы ұйымдастырған футбол турнирінде күміс жүлде атанды.

Құрама команда МТҚБ, Инженерлік орталық, ДАЗ және Парламентаризм Институты қызметкерлерінен құралған. Команда мүшесі - Аянбек Бесимбаев турнирдің үздік қақпашысы атанды.

МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов команданы жеңісімен құттықтап, одан әрі жеңістер тіледі. «Біз негізгі қызметтен басқа, жұмыстан тыс уақытта жаттығуға уақыт пен мүмкіндік табатын қызметкерлерімізді мақтан тұтамыз. Спорт - әріптестер үшін өмірдің ажырамас бөлігі болып табылатыны, бізді қуантады, бұл үйлесімді және белсенді өмірдің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

МТҚБ және ведомстволық қарасты кәсіпорындардың барлық ұжымы үшін біздің футбол командасының кубок үшін жарыста ең мықты командалардың үштігіне кіргені үлкен мақтаныш. Әрі қарай болашақта жеңістер мен табыстар тілеймін!»,- деп атап өтті, Әлихан Жамсатов ойыншыларды құрметтеу және құттықтау барысында.

Жүлдегерлер, финалда отандық ірі телеком операторының бірінің командасымен жеңіске жету үшін елеулі күрес басталғанын атап өтті.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мықты спорттық дәстүрлерімен танымал, ұжым мүшелерінің жеңістеріне әрдайым ерекше көңіл бөледі. МТҚБ спорттық трофейлер галереясында әртүрлі сайыстар бойынша спорттық жетістіктері үшін ондаған кубоктар бар.

Кездесу соңында қатысушыларға спорттық талпыныстарды одан әрі ынталандыру және қолдау мақсатында естелік сыйлықтар табысталды.