25.10.2022

Біз әріптестерімізбен мақтанамыз!

Республика күніне орай МТҚБ Әкімшілік ғимараттары дирекциясы ұжымының мүшесі - қызметтік тұрғын үйлерді пайдалану қызметінің Парламент жатақханасына қызмет көрсету секторының аға коменданты Амангуль Мадышева «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бұл медалімен азаматтар экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі және мемлекеттік қызметтегі еңбек жетістіктері үшін марапатталады. Құттықтаймыз!