22.10.2022

МТҚБ ӘҒД спорттың 3 түрінен мықтыны анықтады

Турнирге кәсіпорынның 40-тан астам қызметкері үш спорт түріне – шахмат, бильярд және үстел теннисі бойынша қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: 

шахмат турнирінде жеңімпаздар рейтингі – 1 орын, Бағзы Еркінбек, 2 орын – Жақсылық Нүкішев, 3 орын – Талғат Құсайынов.

Үстел теннисі: 1 орын – Асхат Нұрқали, 2 орын – Руслан Сатенов, 3 орын – Жанболат Жұмағамбетов. 

Бильярд бойынша мықтылар: 1-орын – Асхат Нұрқали, 2-орын – Дүйсенбек Давлетченов, 3-орын – Бауыржан Жүсіпов. 

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Ұжымды біріктіру, қызметкерлерді ынталандыру, ұжымдық рухты нығайту және әріптестеріміздің бос уақытын және спорттық өмірін ұйымдастыру мақсатында МТҚБ-ның ведомстволық бағынысты кәсіпорындарында спорттық іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі.