20.10.2022

20 қазан – Халықаралық аспазшылар күні

МТҚБ ведомстволық бағынысты кәсіпорны – Әкімшілік ғимараттар дирекциясы қызметінің бір түрі қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады, атап айтқанда: Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің ғимараттарында асханалар мен буфеттердің қызметін ұйымдастыру; өз өндірісінің өнімдерін дайындау және өткізу; қабылдауларға, банкеттерге және әртүрлі конфигурациядағы басқа іс-шараларға қызмет көрсету.

Осылайша, ағымдағы жылы МТҚБ ӘҒД қоғамдық тамақтандыру қызметі 50-ден астам іс-шараны ұйымдастырып, 223 мың тағам сатылды. Күніне МТҚБ ӘҒД асханалары мен буфеттеріне шамамен 450 адам келеді.

Ұжымда әртүрлі санаттағы және бағыттағы 40-тан астам аспаз жұмыс істейді. Тағам мен өнімдердің қауіпсіздігі, сапасы, дәмі мен дизайны – қоғамдық тамақтандыру қызметінің басты белгісі.

Бүкіл әлемде аталып өтетін халықаралық мереке – аспазшылар күнінде  ұжым мүшелеріне алғыс хаттар табыс етіліп, шынайы алғыс сөздер мен жылы лебіздер айтылды.