10.11.2022

МТҚБ-да цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің кәсіби мереке күніне арналған марапаттаулары өтті

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы ведомствоға қарасты 4 кәсіпорынды біріктіреді, оладың бірі - Инженерлік орталық. МТҚБ Инженер орталығының бағыттарының бірі Парламентті, МТҚБ және ведомстволық бағынысты кәсіпорындарды цифрландыру болып табылады.

Сонымен қатар, МТҚБ Инженер орталығының цифрландыру бөлімі жобаларға қатыса алатын, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуге, өндірісті автоматтандыруға, цифрлық технологияларды енгізуге, логикалық алгоритмдер мен ақпараттық модельдерді, макеттерді әзірлеуге қабілетті, мықты мамандардан тұрады.

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар кәсіби мереке күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дәдебаевтың атынан МТҚБ Инженер орталығының ұжымына МТҚБ  басшысы Алихан Жамсатов құттықтау хатын марапаттау жиынында табыстады.

Сонымен қатар, кәсіби шеберліктері үшін Инженерлік орталық қызметкерлерін Газизов Руслан -ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу қызметінің басшысы, Битиманова Салтанат - жобаларды дамыту және басқару қызметінің басшысы, Гулицкий Александр - ақпараттық жүйелерді әзірлеу және сүйемелдеу қызметінің бас әзірлеушісін, МТҚБ  басшысы Алихан Жамсатов алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапаттады.

Әріптестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!