23.12.2022

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының 29 қызметкерлері цифрландыру бойынша онлайн оқыту курсттарынан өтті

2022 жылдың желтоқсанында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының орталық аппаратының 29 мемлекеттік қызметшілері үшін «Жобалардың тәжірибелік мысалдары бойынша цифрландырудың негізгі трендтері» тақырыбында оқыту курстары өткізілді. Оқу бағдарламасы 12 онлайн сессиядан тұрады. Бағдарламаны іске асыру қызметкерлер арасында цифрландыру негіздері туралы түсінік қалыптастыруға және талдау арқылы Қазақстан Республикасы Парламентінің қызмет көрсету сапасының стандарттарын жақсарту үшін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында цифрландыруды пайдалану бойынша қызметкерлердің реинжиниринг және процестерді оңтайландыру негіздерін оқу арқылы ортақ көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру, сондай-ақ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының цифрландыру жобаларының тәжірибелік мысалдарын пайдалана отырып, қызметкерлердің цифрландырудың негізгі тәсілдері мен тенденциялары туралы хабардарлығын арттыру.

Оқыту барысында сарапшылар цифрландыру саласындағы соңғы жаһандық трендтермен, озық тәжірибелермен бөлісті, сонымен қатар қатысушылармен реинжинирингтің тиімді әдістері мен мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялаудың жаңа мүмкіндіктерін талқылады.

Оқудан өткен мемлекеттік қызметшілерге сертификаттарды Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Әлихан Жамсатов пен «X Academy» ЖШС бас директоры Александр Саблин табыс етті.

«Қазіргі уақытты заманға сай мемлекеттік аппарат цифрландыру бойынша жаңа өзгерістер енгізуде, сәйкесінше жаңа тәсілдер әзірленуде. Лекторлар реинжиниринг және процестерді оңтайландыру негіздері бойынша кейстерді оқытып, тұрғын үй бағыттары мен хаттамалық тапсырма арқылы мысалдармен түсіндірді. Біз оларды қызметте қолданудың жаңа құралдары мен тәсілдерін талдадық», - деп МТҚБ цифрландыру басқармасының басшысы Мухиддин Утеуов оқудан кейінгі әсерімен бөлісті.