17.02.2023

Автошаруашылығында МТҚБ басшысымен кездесу өтті

ҚР ПІБ «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» басшысының ведомстволық бағынысты ұйымдармен тұрақты кездесулері биыл 25 жылдығын атап өтетін «МТҚБ Автошаруашлығынан» бастау алды.

Жиын Автошаруашылықтың еңбек сіңірген қызметкерлеріне грамоталар мен алғыс хаттар табыстау салтанатынан басталды.

Одан әрі МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов ұжымға өткен кездесуде айтылған мәселелердің шешімдеріне тоқталды. Былтыр жүргізушілер жалақасының бәсекеге қабілетсіздігіне байланысты пікірлер айтылған болатын. Осы мәселе зерттеле келіп, шешімін тапты. Сөйтіп, жаңа жылдан бастап жүргізушілердің жалақасы 20-дан 30 %-ға дейін жоғарылады. Сондықтан басшының есебі мен осы мәселені бақылауда ұстаймын деген уәдесін кездесу қатысушылары ризашылықпен қабылдады.

Автошаруашылық ұжымы үшін шешуді тағы бір өзекті мәселе тұрғын үйге қатысты. Әлихан Жамсатов бірінші жартыжылдықтың соңына дейін бұл мәселені шешу нұсқаларын қарастырып, ұсынуға уәде берді. «Мен сіздерді алаңдатқан мәселелерді тыңдауға, оны өз өкілеттігім аясында шешуге қашанда дайынмын. Ал өзімнің тарапымнан сіздерден жұмысты мінсіз атқарғандарыңызды күтемін», – деді МТҚБ басшысы кездесу соңында.