27.02.2023

«МТҚБ Автошаруашылығы» РМК ұйымшыл ұжымы өзінің 25 жылдық мерейтойын атап өтті

Мерекенің басты кейіпкерлері Кәсіпорында ондаған жылдар бойы жұмыс істейтін жүргізушілер, слесірлер, жанармай құюшылар, диспетчерлер және басқа да техниктер болды.

МТҚБ Автошаруашылығының негізгі өндірістік міндеті - Парламентке автомобильмен қызмет көрсету. 25 жыл ішінде Кәсіпорын көптеген маңызды елдік іс-шараларға және жүздеген халықаралық дипломатиялық сапарларға қызмет көрсетті.

Күн сайын таңертең Автошаруашылықтың гаражынан күніне 700-ден астам жолаушы тасымалдайтын 170 автокөлік шығады. Кәсіпорында 287 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 189 жоғары деңгейлі жүргізушілер. Өткен жылы ғана РМК жүргізушілері рөлде 468 мың сағаттан астам жұмыс істеген.

Әдетте жүргізушілердің жұмысы көлеңкеде қалып қояды, алайда кеше «МТҚБ Автошаруашылығы» РМК қызметкерлері үшін «жұлдызды сәт» туды. Мерейтойлық рәсім аясында Кәсіпорын қызметкерлері Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының сахнасына шығып, лайықты марапаттар, басшылықтың алғыстары мен сыйлықтарын иеленді.

Мұндағы ұжым өте ұйымшыл: Кәсіпорындағы қызметкерлердің орташа жұмыс өтілі 10 жылдан асады. Сонымен қатар, мұнда Автошаруашылықтың құрылған күнінен бастап жұмыс істейтін ардагерлер де бар.

«Бұл мереке, ең алдымен, тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн көлік жүргізетін және өз жұмысын сапалы атқаратын жүргізушілерімізге арналады. Бүгін біз үздіктерді құрметтейміз», - деп атап өтті МТҚБ Автошаруашылығының директоры Дәулет Асқаров.

ҚР Президенті Іс Басқарушысының Құрмет грамотасымен 5-разрядты автомобильдерді жөндеу жөніндегі слесір Толу Ақтай, жүргізушілер Берік Мақанов, Қайсар Молдабаев, Жоламан Тілеуов, Жасұлан Мұсақұлов марапатталды.

ҚР Президенті Іс Басқарушысының Алғыс хатымен Төлебай Өтениязов, Еран Нұркин, Болат Ихсанғалиев, Әбілқасым Керімбаев және жанармай құю станциясының операторы Гүлмира Жүнісова марапатталды.

Еңбек ардагерлері мен автошаруашылықтың еңбек сіңірген қызметкерлеріне марапаттарды МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов табыстады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің «Үздік автокөлікші» және «Құрметті автокөлікші» құрметті кәсіби ерекшелік белгілерімен Кәсіпорынның 16 жұмысшысы марапатталды.

Парламент Сенаты аппараты басшысының орынбасары Олжас Жанабеков Парламент Сенатының төрағасы Алғыс хаттарын Ескендір Сейдахметов пен Сарсембай Тойшыбековке, қойма меңгерушісі Мақсат Ахметовке табыс етті.

Кәсіпорынның тағы 6 қызметкері Парламент Сенаты аппараты басшысының Алғыс хатымен марапатталды. Олар - жүргізушілер Абай Арыспаев, Русланбек Бердияров, Айдос Валеев, Марат Қарабалин, Бекмұрат Тұрлыбеков және ғимараттарды пайдалану бөлімінің қойма меңгерушісі Анар Рахметулина.

Парламент Мәжілісі аппаратының басшысының Алғыс хатымен келесі қызметкерлер  марапатталды: жүргізушілер Валерий Горелов, Владимир Евпак, Ербол Жахин, Руслан Мансур, Нұрлан Өміралинов, тазалау жөніндегі маман Гүлжанат Тиналиева, директордың орынбасары Айгүл Ескендирова, жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Вероника Конрад.

МТҚБ Автошаруашылығының директоры Дәулет Асқаров мерейтойлық іс-шарада Кәсіпорында құрылған күннен бастап жұмыс істейтін жүргізушілерге арнаған жұмысқа берілгендігі мен көпжылдық адал еңбегі үшін ерекше, шын жүректен сыйлықтар тапсыру құрметіне ие болды.

Шипажайға жолдамалар Айдапкел Ахметов, Рустам Абжалиев, Альмухан Әубәкіров, Ақан Әлпейісова Қайрат Құланов, Талғат Құраппаев, Елубай Садиров, Халкен Сайдалин, Талғат Юсупов, Қайрат Рахымжановқа табысталды.

Автошаруашылықтың келешегі зор жас қызметкерлеріне де көңіл бөлінді. Олардың аналарына директор Ұлын лайықты тәрбиелегені үшін салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етті. Грамоталарды алу үшін сахнаға Роза Какешқызы Саламгереева, Торғай Сатыбайқызы Уябекова, Бағлан Кенжебайқызы Молдыбаева және Бердібекова Әлия Қалиқызы көтерілді.

Естелік сыйлықтармен лайықты демалыста жүрген Кәсіпорынның 38 ардагерінің көп жылдық адал еңбегі атап өтілді.

«Біз бәріміз бұл күнді қатты күттік. Басшылық бізге тосын сый дайындады және оның ұмытылмас болып шыққанын айтқым келеді. Бұл өте жақсы және өте жағымды болды», - деді құрылғаннан бері Кәсіпорында жұмыс істеп келе жатқан жүргізуші Базарбек Әлиев.

Мерейтой шынымен де жоғары мерекелік нотада өтті! Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының симфониялық оркестрі мерейтойларға ерекше кеш, тамаша музыка және таңғажайып көңіл-күй сыйлады.