03.03.2023

МТҚБ қызметтерінің Парламенттің жаңа шақырылымын қабылдауға техникалық дайындығы тексерілді

Парламенттің жаңа шақырылымының жұмысына дайындық аясында МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов объектілерге және ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың дайындығына тексеру жүргізді.

Кабинеттердің жай-күйі, асханада жөндеу сапасы, техникалық жабдықтардың - ілеспе аударма, аудио және бейне трансляция, дауыс беру жүйелерінің дайындығы тексерілді.

МТҚБ автошаруашылығында басшы қызметтік автокөлікке арналған мобильді қосымшаны енгізу бойынша кеңес өткізді.

«Нұрсая» ТК-де МТҚБ басшысы қызметтік пәтерлердің алдағы қоныстануға дайындадығын қарап шықты.