27.03.2023

МТҚБ ӘҒД қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі өрт-тактикалық жаттығуларын өткізді

26 наурызда МТҚБ ӘҒД қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі ТЖД горнизонының күштерін тарта отырып, ҚР Парламенті Сенатының ғимаратында өрт-тактикалық сабақтарын өткізді.

Шынайы жағдайлар көрінісінде өртті жоюға тартылған барлық бөлімшелер жұмысының үйлесімділігі тексерілді.

Жексенбі күні таңғы сағат 10-да ҚР Парламенті Сенатының 9-қабатындағы электр қалқаны бөлемесінде шартты өрттің туындауы туралы дабыл сигналы бойынша № 12 ӨСБ, Мемлекеттік күзет қызметі, ҚР ІІМ полиция полкінің жеке құрамы, сондай-ақ ҚР Парламентіне қызмет көрсететін ҚР ПІБ МТҚБ әкімшілік ғимараттары дирекциясы қызметтерінің жауапты қызметкерлері көтерілді. Адамдарды және қызметтік құжаттарды эвакуациялау және құтқару, өртті жою бойынша өзара іс-қимыл және Астана қаласының № 2 және № 3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінен қосымша өрт техникасын тарту алгоритмдері жасалды.

– Әдетте өрт-тактикалық сабақтар 12-ӨСБ өз күштерімен жүргізіледі. Бірақ бұл жолы біз шынайы жағдайды қосуды жөн көрдік. Қызметтердің тәуелсіз режимде, тіпті сапалы радиобайланыс болмаған жағдайда да қалай өзара әрекеттесетінін көрдік. Барлық тартылған құрылымдар 5 минут ішінде жиналды, шартты өрт 7 минут ішінде сөндірілді, адамдар мен құжаттар эвакуацияланды. Арнайы техника да өрт ошағына нормативтік уақытта келді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша анықталған, яғни мамандардың іс-әрекетіне радиобайланыс синхрондылығының жоқтығы бойынша кемшіліктер де пысықталды, - деді МТҚБ ӘҒД қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің бастығы Жүсіп Бекмағамбетов.