30.03.2023

МТҚБ ұжымы жаңа мемлекеттік қызметкердің антын қабылдады

ҚР ПІБ МТҚБ ведомстволық бағынысты ұйымдарымен жұмыс басқармасының бас сарапшысы, жас маман Бақдәулет Мыңжасар МТҚБ ұжымы алдында ант берді.

Ант беру рәсімі салтанатты түрде өтті, МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов жас мемлекеттік қызметкерге мемлекет игілігі үшін табысты жемісті жұмыс тіледі.

- Көптен күткен сәт! Мен арнайы тексерулерден өтіп, бұйрықтың шығуын күткен кезде қатты уайымдадым. Ант беру кезінде менің мойныма жүктелген жауапкершілікті сезіндім, - деді салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттік қызметкер Бақдәулет Мыңжасар.