03.04.2023

Студенттер өндірістік дағдыларды дамытады

Астана қаласы әкімдігінің Көлік және коммуникация жоғары колледжінің «Көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша оқитын 23 студенті МТҚБ Автошаруашылығына 3 айлық өндірістік практикаға шықты.

Тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен болашақ мамандар өндірістік және технологиялық процестерді зерттейді, автомобильдерге компьютерлік диагностика жүргізеді, жөндеу және шанақ жұмыстарын жүргізуді үйренеді, құжаттама стандарттары мен жұмыс регламенттерін үйренеді.

-Біздің Кәсіпорын қосарлы оқыту жүйесін қолдайды, сондықтан біз колледжге өндірістік практиканы ұйымдастыруға көмектестік. Бүгінгі күні студенттер базалық дайындықпен және үлкен жауапкершілікпен келді деп айта аламыз. Жұмыс барысында студенттер теориялық білімді практикада қолдануды үйренеді, ұжымда өзін-өзі бақылау және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытады. Автошаруашылықта жақсы-үздік студенттер техникумды бітіргеннен кейін біздің кадрлық жастар резервіне қосылады – деді Автошаруашылық директоры Дәулет Асқаров.

Айтпақшы, ағымдағы жылы ҚР Президенті Іс Басқармасының МТҚБ Автошаруашылығында алғаш рет өндірістік практикадан өтуге өтінім беру үшін Student's Book электрондық сервисін пайдаланды.