11.10.2014

Шахмат турнирі

2014 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы мен оның ведомстволық қарасты ұйымдары арасында шахмат турнирі өткізілді.

    Турнирге қатысқан 13 команданың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының құрамасы жүлделі Бірінші орынды иеленді. Команда мүшелерін құттықтаймыз және белсенділік танытқандары үшін алғыс білдіреміз! Сондай-ақ турнир шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының ведомстволық қарасты кәсіпорындары арасындағы үш жарыстың қорытындысы бойынша Шаруашылық басқармасының командасы жалпы командалық есеп бойынша Бірінші орынға тұрақтады.