10.10.2014

Балаларға арналған Первомай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды



    2014 жылғы 10 қазанда Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы мен «Нұр Отан» партиясының «Бірлік» бөлімшесінің белсенділері тірек-қимыл аппаратының қызметі бұзылған балаларға арналған Первомай психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесіне барды.  Кездесу барысында мекеменің тәрбиеленушілеріне компьютерлер мен сыйлықтар табыс етілді.