29.09.2014

Волейбол – командалық ойын



    Волейбол – командалық ойын болғандықтан, әр ойыншының дайындық деңгейіне көп нәрсе тәуелді, матч кезіндегі спортшылардың өзара ауысымдылығының да маңызы зор. Ойын ойнау ынтасы ғана емес, оған қоса күш үйлестіру ептілігі де қажет. Ал сонымен қатар, волейболшы артылған сенімді ақтауға тырысатын болса, онда жеңіске де оңай жетер. 

    Спорт шеберлігін жоғарлату, салауатты өмір сүруді насихаттау, жанжақты  дамыту және спортты дәріптеу мақсатында 2014 жылғы 27 қыркүйекте ҚР Президентінің Іс Басқармасы және ведомстволық қатысты мекемелердің командалары арасында  волейболдан жарыс өткізілді.

    Сайыстар «Алатау» спорт кешенінде өтті.   Жарысқа 16 топ қатысты. Табан тірескен күресте жалпы топтық бірінші орынды ҚР Президенті Іс Басқармасының Әкімшілік ғимараттар Дирекциясының тобы жеңіп алды.

    Екінші орынға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының тобы иеленді. ҚР Парламенті Президенті Іс Басқармасының Мемлекеттік Резиденциялар Дирекциясы үшінші орын алды.

Сонымен қатар, жарысқа қатысушылардың барлығы да кәсіби спортшылар еместігін белгілейміз, олардың барлығы жоғарыда аталған кәсіпорындардың  жай қызметкерлері болып табылады. Көпшілік үшін бұл – сүйікті әуес ісі және салауатты өмір сүру қалауы.

    ҚР Президенті Іс Басқармасы басшылығымен салауатты өмір сүруді қолдау үшін спорт іс-шараларына үлкен назарын аударғаны өте қуантады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Кубоктармен, грамоталармен, медальдармен және құнды жүлделермен мадақталды.