12.10.2023

Парламенттің алғысын алды

МТҚБ инженерлік орталығы мен әкімшілік ғимараттар дирекциясының мамандары әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXI отырысын өткізуге ұйымдастырушылық көмек көрсеткені үшін ҚР Парламенті Сенаты басшылығының алғысын алды.

Әлемнің 23 елінің қатысушылары қатысқан мерейтойлық кездесу ең жоғары ұйымдастырушылық деңгейде сәтті өтті.

Парламент Мәжілісі Аппаратының басшылығы өз тарапынан МТҚБ ӘҒД қызметкерлеріне Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту жөніндегі бастамаларын қолдау шеңберінде еліміздің түкпір-түкпірінен қазақстандық БАҚ өкілдері үшін палата өткізетін «Majilis Cup-2023» шағын футбол турнирін ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысын білдірді.