15.11.2023

МТҚБ жүйесінің төрт қызметкері Қаржы министрлігінің үздіктік белгісінің иегері атанды

«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен МТҚБ Бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасының бас сарапшысы Гүлнар Сиитова марапатталды.

Марапатты иегерге МТҚБ басшысы Әлихан Жамсатов Ұлттық валюта күні қарсаңында әріптестерінің ду қол шапалағымен табыстады.

Мұндай жоғары атақ қаржы органдарында 10 жылдан кем емес жұмыс атқарған жандар үшін, қаржы жүйесінің қызметкерлеріне ҚР Қаржы Министрлігімен беріледі. Гүлнар Бүркітбайқызының арқасында кәсібі бойынша 20 жыл тәжірибесі бар. Соның 15 жылында ол МТҚБ жүйесінің мемлекеттік қызметінде еңбек етіп келеді.

Ведомстволық үздіктік белгісін ведомстволық қарасты кәсіпорындардың да қаржыгерлері иеленді: бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің жоғары категориялы бухгалтері Айша Қартбаева (МТҚБ ӘҒД), Жамбулхан Мырзаханов және Гүлмария Елемесова (МТҚБ ИО).