29.11.2013

2013 жылғы 28-29 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Қосымша құн салығы. Бейрезиденттерге салық салу тәртібі» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг басталды.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының бухгалтерлік есеп және есептілік саласындағы мамандары қатысты.

Аталмыш шараны Парламенттің Шаруашылық басқармасы «FinIQ» ЖШС-ның оқытушы-ғалымдарымен бірлесе ұйымдастырып отыр.     

Іс-шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары М. Оразаев ашты.     

Семинарда Қазақстан Республикасының аудиторы, «FinIQ» ЖШС-ның  лекторы - салық салу мәселелері жөніндегі кеңесшісі – А.И. Жаңабекова және басқалары лекция оқыды.     

    Семинар барысында қатысушылар қосымша құн салығын есептеу, бейрезидентке салық салу мәселелері бойынша қолданыстағы салық заңнамасына енгізілген соңғы өзгерістермен және толықтырулармен таныстырылды. Қосымша құн салығын есептеу ережелері мен тәртібі, есептіліктің тиісті нысандарында бейнелеу қарастырылды. Корпоративтік кіріс салығы мен қосымша құн салығы бейрезиденттерін есептеу алгоритмі түсіндірілді.     

    Тыңдаушылар таратпа материалдарымен қамтамасыз етілді және лекциялық кешен мен Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актісі бойынша слайдтар көрсетілді, мультимедия жадбығы пайдаланылды.       

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.