27.11.2013

2013 жылғы 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі. Электрондық мемлекеттік сатып алулар» тақырыбындағы екі күндік семинар өтті.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандары қатысты.

      2013 жылғы 26-27 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдану тәжірибесі. Электрондық мемлекеттік сатып алу» тақырыбындағы екі күндік семинар өтті.     

    Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының заң қызметі және мемлекеттік сатып алу саласындағы мамандары қатысты.     

       Аталмыш шараны Парламенттің Шаруашылық басқармасы «FinIQ (ФинIQ)» ЖШС орталығының оқытушы-ғалымдарымен бірлесе ұйымдастырып отыр.     

Іс-шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы Басшысының орынбасары Ә. Айтқалиев ашты.     

     Семинарда лектор, (ФинIQ)» ЖШС-ның мемлекеттік сатып алу мәселелері жөніндегі кеңесшісі, «Біліктілікті көтеру орталығы» АҚ-тың «Электрондық сатып алу» электрондық оқу құралын құру жөніндегі кеңесшісі – Ж.Р. Тұрсынбай және басқалар баяндама оқыды.     

    Шара барысында жоспарлау, мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республиасы заңнамасында көзделген әдістерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүргізуді ұйымдастыру, мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын қолданусыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасау (мазмұны, қол қою, тіркеу және орындау), мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сот тәжірибесі сияқты сатып алудың барлық кезеңінде мемлекеттік сатып алу саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білікті қолдану нәтижелеріне қол жеткізу мәселелері қозғалды.     

Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.