15.11.2013

2013 жылғы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Жоспарлау және бюджеттеу: бюджетті құру технологиясы. Баға құрудың практикалық тәсілдері» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг өтті.

Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызмет мамандары қатысты.

    2013 жылғы 14-15 қараша күндері Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында «Жоспарлау және бюджеттеу: бюджетті құру технологиясы. Баға құрудың практикалық тәсілдері» тақырыбындағы екі күндік семинар-тренинг өтті.     

    Семинарға ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызмет мамандары қатысты.     Аталмыш шараны Парламенттің Шаруашылық басқармасы «Даму» Бизнес-білім орталығының оқытушы-ғалымдарымен бірлесе ұйымдастырып отыр.     

Іс-шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасы  Басшысының орынбасары М. Оразаев ашты.     

    Семинарда Қаржы Академиясы АҚ-тың жоғары санатты оқытушысы – Н.А. Макарова, экономика ғылымдарының кандидаты, С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ «Маркетинг және сервис» кафедрасының доценті – Н.М. Қасқатаев, біліктілікті арттыру институтының оқытушысы, бизнес-тренер – В.Н. Котович лекция оқыды.         

   Семинар-тренингті өткізудің мақсаты – Шаруашылық басқармасының орталық аппараты мен ведомстволық қарасты кәсіпорындарының қаржы-экономикалық қызмет мамандарының біліктілігін арттыру, сондай-ақ бюджет процесін жоспарлау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану және игеру, іс-шараларды уақтылы атқару, кәсіпорындардың негізгі қызмет нәтижелеріне қол жеткізу сияқты көкейтесті мәселелерді сауатты жолға қою болып табылады.     Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар тапсырылды.