11.11.2013

2013 жылғы 9 қараша күні «Hungry Rabbit» кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарының 14 командалары арасында боулинг ойынынан турнир өтті.

Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.

    2013 жылғы 9 қараша күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарының 14 командалары арасында боулинг ойынынан турнир өтті.Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы (ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен бірге) қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.     

    6 адамнан тұратын біздің команда жалпы есебі 505 ұпаймен екінші орынға ие болды. Бірінші орынды «Сарыарқа» қоры, ал үшінші орынды Медициналық орталық иеленді.     Парламенттің Шаруашылық басқармасы командасын сәтті ойындарымен құттықтап, жүлделі орындары үшін алғыс білдіреміз!