28.10.2013

2013 жылғы 26 қазанда «Карамболь» бильярд клубында шахмат және бильярд ойындары бойынша турнир өтті.

Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 15 команда қатысты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы қызметкерлерінен құрылған біздің команда да бар.

    2013 жылғы 26 қазанда «Карамболь» бильярд клубында шахмат және бильярд ойындары бойынша турнир өтті. Турнирге Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының барлық ведомстволық қарасты ұйымдарынан 15 команда өнер көрсетті. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасынан (ведомстволық қарасты кәсіпорындарымен бірге) құрылған біздің команда да бар.     Мықты қарсыластарға төтеп бере отырып, Парламент Шаруашылық басқармасының шахмат бойынша құрамасы 3-орынға тұрақтады.     

Өз командамызды жүлделі үшінші орнымен құттықтаймыз!