04.10.2013

Үстіміздегі жылдың 03 қазанында Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында «Мемлекеттік тілде ісқағазын жүргізу» атты семинар өткізілді.

Іс-шараға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындары кадр қызметінің басшылары мен ісқағаздарын жүргізуші қызметкерлері қатысты.

    Үстіміздегі жылдың 03 қазанында Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында «Мемлекеттік тілде ісқағазын жүргізу» атты семинар өткізілді.     Семинарға шақырылған қонақтар, Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының орталық аппаратының қызметкерлері және ведомстволық қарасты кәсіпорындары кадр қызметінің басшылары мен ісқағаздарын жүргізуші қызметкерлері қатысты.     Іс-шараны кіріспе сөзбен ҚР Парламенті Шаруашылық басқармасының Басшысы ашты.

    Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Руханият» орталығының директоры Жұмагүл Арапбайқызы Тұрлыбекова«Мемлекеттік тілде іс жүргізуге арналған мультимедиялық бағдарламалардың тиімділігі», «KEGOC» АҚ Мемлекеттік тілді ендіру бөлімінің бас менеджері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Асылжан Жалғасқызы Төрениязова«Ісқағаздардың мәтіндеріндегі терминдердің қолданылуы» және Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасы (Руханият) орталығының әдіскер - оқытушысы Бозғұлова Қарлығаш Бердіғұлқызы «Сабақ үлгісі: Өтініш түрлері» атты дәрістер оқып, көрнекі құралдарымен көптеген ақпараттар айтылды.

    Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар таратылды.