05.09.2013

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасы ұжымының Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасы өкілдерімен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбындағы кездесуі туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес: Денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс. Нақ сол саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады.

    Президент Жолдауы мен Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының 2013 жылға арналған Спорттық-сауықтыру іс-шараларының жоспары шеңберінде. 2013 жылғы 04 қыркүйекте Парламент Шаруашылық басқармасының Мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасы қызметкерлерімен бірлескен «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» тақырыбында кездесу өткізілді.   

    Медициналық орталық қызметкерлері күн режимін сақтау, тиімді тамақтану, шынығу, спортпен шұғылдану туралы лекциялар оқыды, сондай-ақ салауатты өмір салты туралы әртүрлі суреттер мен бейне жазбалар көрсетілді. Парламенттің Шаруашылық басқармасы қызметкерлеріне жұмыс уақытында дене жағдайы мен жақсы көңіл-күйлерін қолдау мақсатында физикалық жаттығулар жасалды. Бұдан былай күн сайын екі мезгіл аппарат қызметкерлеріне өндірістік гимнастика өткізілетін болады.