07.08.2013

«Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Автошаруашылығы» РМК-да адамдар мен материалдық құнды заттарды эвакуациялау және жалған өрт сөндіру бойынша өрт тактикалық жаттығу өткізілді



    2013 жылдың 7 тамызында «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Автошаруашылығы» РМК-да Автошаруашылық (11 адам), Астана қ. №3 МӨСБ (21 адам), ЖШС «Фирма Оскордъ» күзет фирмасы (5 адам), ЖСШ «КРУК-СБ» автоматикалық өрт туралы хабарлау жүйелеріне қызмет көрсету фирмасы (3 адам) қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасы Парламенті ШБ Автошаруашылығы» РМК-да адамдар мен материалдық құнды заттарды эвакуациялау және жалған өрт сөндіру бойынша өрт тактикалық жаттығу өткізілді, сонымен қоса 4 дана өрт сөндіру техникасы тартылды (автоцистерна АЦ-3,2(40), автоцистерна АЦ-8(40), автосаты АЛ-32, түтінен қорғау автомобилі АД).Жатығу өткізу барысында 13 дана техника мен 96 Автошаруашылық қызметкерлері ғимараттан сыртқа шығарылды, оның ішінде 2 қызметкер өрт сөндіру бөлімінің авто саты көмегімен шығарылды.