09.03.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық Басқармасында әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

Қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабы 3 тармағына, 2015 жылдың

 

Жаңа Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды және олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің функциясы ҚР Парламенті ШБ Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының басшысы – Ақжол Абайұлы Абдрахманға  ҚР Парламенті ШБ Басшысының бұйрығымен жүктелді.

А. Абдрахман «Орман және саябақ шаруашылығы» мамандығы бойынша Қазақ ұлттық аграрлық университеттің, «Құқықтану» мамандығы бойынша Евразиялық гуманитарлық институтының түлегі.

Еңбек жолын А. Абдрахман Астана қаласы «Есіл» ауданының әкім аппаратында, бас маман, тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, жоспарлау және абаттандыру бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды. 

2012 жылы «Нұр Отан» ХДП АҚФ ұйымдастыру-партия жұмысы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. 2014 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының басшысы болып тағайындалды. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.