19.08.2016

Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасында семинар өткізілді

2016 жылғы 19 тамызда «Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының Автошаруашылығы» РМК-ның жұмысшылары арасында террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша семинар өткізілді.

 Семинарда келесі тақырыптар талқыланды:

«Террористік қауіп деңгейі белгіленген кезде тұрғындардың әрекет ету тәртібі бойынша ұсынымдар»; 
«Терроризмнің негізгі түрлері»;  
«Жарылғыш құрылғылардың белгілері»;  
«Террористік тұрғыдан осал объектілерде террористік қауіпті ескерту»;  
«Қауіп кездегі әрекеттер»; 
«Күмәнді заттар табылған жағдайда әрекет ету тәртібі»;  
«Жарылғыш заттың салынғаны туралы анонимді хабарлама түскен кезде объектілерді қарап шығу тәртібі»; 
«Ақпаратты мемлекеттік мониторинг жүйесін ұйымдастыру мен қызмет ету және террористік актінің туындау қауіпі туралы тұрғындарды хабарландыру ережелері»;
«Радикалды діни идеологияның әсері». 
Іс–шара қатысушыларына «Бір қадамға басып озу» атты деректі фильм көрсетілді (http://knb.kz/ru/antiterror/rules.htm).   
Фильмде жарылғыш заттарды анықтауға көмектесетін белгілер, жарылғыш қаупі бар заттарды тапқан жағдайдағы әрекеттер, күнделікті өмірдегі адамдардың жеке қауіпсіздік нормалары мен ережелері көрсетілген. 
Осы семинардың мақсаты - адамдардың өмірлері мен денсаулығын сақтауға бағытталған, төтенше жағдайлардағы профилактикалық іс-шаралар мен әрекеттерді ұйымдастыруға көмек көрсету.
Қазіргі уақытта, осыған ұқсас семинарлардың өткізілуі Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының басқа ведомстволық қарасты мекемелерінде де жоспарлануда.