08.10.2016

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы бильярд турнирінде жүлделі орынға ие болды

2016 жылғы 8 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, Орталық аппараты және ведомстволық қарасты ұйымдарының командалары арасында бильярд турнирін өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Шаруашылық басқармасының командасы, турнирге қатысқан 14 команданың ішінде үшінші орынға ие болды. Жеңімпаздарға спорттық кубоктар мен медальдар ұсынылды