23.06.2017

МТҚБ-да МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН БОЛЫП ӨТТІ

Бүгін Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасында мемлекеттік қызметші күніне арналған салтанатты жиын болып өтті, - деп «МТҚБ» ММ баспасөз қызметі хабарлайды.

Іс-шара аясында Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерге құрмет көрсетілді.

Осылайша, 16 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар Құрылыс және пайдалану басқармасының басшысы Аяш Тоқсанова «Үздік мемлекеттік қызметші» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, Райгүл Кенжалиева, Майра Баяшева, Гүлнәр Сейітова, Рақым Ақтамбаев, Гүлжан Төлеңгітова, Бақтияр Оралов және Мухиддин Өтеуов қызметкерлеріне құрмет грамоталары ұсынылды.

Басқарма басшылығы барлық қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтап, қызметте жаңа табыстар тіледі.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2013 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес 23 маусым Мемлекеттік қызметші күні болып анықталды.